«Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің 35 жылдығына орай «Шымқала «Шымкент келбеті» фотографтарының көзімен» фотокөрмесі өтті. Көрмеге Серік Қосаев, Береке Сейітжаппар, Алик Разметовтің туындылары қойылды.
Фотокөрмеде 3 бағыттағы картиналар көпшіліктің назарына ұсынылды.
Біріншісі, редакция ұжымының әр жылдардағы естелік фотолары, редакцияға еңбегі сіңген адамдардың бейнелері бар.
Екіншісі, Шымкент қаласының 35 жылдық дамуын көрсететін қала көріністері, маңызды нысандар, тарихи-мәдени ескерткіштер.
Үшіншісі, үш фотографтың шығармашылығын көрсететін еркін тақырыптағы суреттері келушілердің назарын аударды.