«Әділеттілік», «Заң мен Тәртіп» қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілуде

«Әділеттілік», «Заң мен Тәртіп» қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілуде

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды.

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Әділеттілік, Заң мен Тәртіп сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы болып табылатыны бекітілген.

Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Осылайша, адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана бекітіліп қоймай, бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған.

Конституция жобасының бағыттарының бірі, бұл азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау болып табылады, ол:

- Әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы. Мәжбүрлі еңбекке тарту тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде, не төтенше жағдайда, не соғыс жағдайында ғана жол берілетіні.

- Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына құқығы, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтiк қорғалу құқығына кепілдік берілген.

- Заңда белгіленген тәсiлдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы танылады.

- Тынығу, жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төленетін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi.

Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді еліміздің азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды.

Еліміздің жаңа Ата Заңының мәтіні қалыптасқан мемлекеттік құрылымды, халықаралық беделді, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамытудағы Қазақстанның айқын басымдығын атап көрсетеді, ол сенімді түрде болашаққа көз тастайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымның қалыптасуына және Қазақстанның тарихи дамуында маңызды рөл атқарған қазіргі Конституцияға құрмет көрсетіледі.


Жеңіс Тілләбайұлы МАҚҰЛБАЕВ,
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің
Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы