Қоштасу Алматы опера және балет театрында өтіп жатыр.
Оған Халық әртісінің отбасы мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысуда.
«Асанәлі Әшімов кино өнерін дамытуға атсалысып, өз өмірін соған арнады. Біртұтас буын қалыптастырды деп айтуға болады. Келесі жылы 90 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстанның мәдени мерекесіне айналдырамыз деген жоспар бар еді», - деп атап өтті қала әкімі Дархан Сатыбалды.
Белгілі кино және театр әртісі, режиссер Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында дүниеден өтті.
@sputnik_aitady