​ЖҮРГІЗУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

​ЖҮРГІЗУШІЛЕР НАЗАРЫНА!


Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, көлік жүргізушілері!

Шымкент қаласының әкімдігі ауа райының бұзылуына байланысты көлік құралдарының техникалық дайындығын пысықтауды сұрайды.

Жауын-шашынға байланысты жолда келеңсіз жағдайға тап болмас үшін көліктеріңізге қысқы дөңгелек салып, техникалық жай-күйін қадағалауды ұмытпаңыздар. Өз кезегінде қаладағы коммуналды қызмет мекемелері де қысқы маусымға дайындықты күшейтуде.

Баршаңызға ақ жол!