ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРДІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕРДІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы №50120 әскери бөлімінің әскери міндеттілермен өткізілген арнайы оқу-жаттығу жиындары аяқталды. 17–26 қыркүйек аралығында өткен он күндік арнайы тактикалық оқу-жаттығудың басты мақсаты - әскери міндеттілердің жауынгерлік қабілетін арттырып, Отан қорғауға деген жауапкершілікті күшейту.

Ресми жабылу салтанатында Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Бақытжан Әшімов тактикалық оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, алға қойған мақсаттарға қол жеткізілгенін атап өтті.

Өз кезегінде әскери міндеттілер де әскери дайындықтың маңыздылығын түсінгенін, Отан қорғауға әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

Ақтас оқу полигонында 56 әскери міндетті жауынгерлік даярлықтарын - тактикалық сабақтар, атыс даярлығы және саптық дайындықтарын пысықтады. Бригада құрамына тек Шымкент қаласының тұрғындары тартылды.

Іс-шарада белсенділік танытып, көзге түскен бірқатар жауынгерлер арнайы марапатқа ие болды.

«Шымкент келбеті»