Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.
Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
⏺Жылдың үздік сұхбаты
⏺Жылдың үздік репортажы
⏺Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
⏺Жылдың үздік журналистік зерттеуі
⏺Жылдың үздік аналитикалық материалы
⏺Радиостанциядағы үздік жоба
⏺Жылдың үздік фотосуреті
⏺Жылдың үздік жаңалықтар порталы
⏺Жылдың үздік өңірлік БАҚ
⏺Жылдың үздік подкасты
⏺Жылдың үздік YouTube-арнасы
Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Стартовал прием заявок на «ҮРКЕР» - 2025»
Стартовал прием заявок на национальную премию в области печатной, радиои интернет-журналистики «ҮРКЕР – 2025».
К конкурсу, который проходит по инициативе Министерства культуры и информации Республики Казахстан, допускаются республиканские и региональные радиостанции, печатные и интернет-издания, занимающиеся производством и распространением медиаконтента.
Заявки принимаются с 1 по 20 октября 2025 года.
На конкурс представляются работы, опубликованные в республиканских или региональных печатных и интернет-изданиях, либо вышедшие в радиоэфир в период с 12 августа 2024 года по 30 сентября 2025 года. Каждый участник имеет право подать материалы не более чем в двух номинациях.
Заявки принимаются на официальном сайте urker-awards.kz по одиннадцати номинациям:
⏺Лучшее интервью года
⏺Лучший репортаж года
⏺Лучший материал на социальную тему
⏺Лучшее журналистское расследование года
⏺Лучший аналитический материал года
⏺Лучший проект на радиостанции
⏺Лучшая фотография года
⏺Лучший новостной портал года
⏺Лучшее региональное СМИ года
⏺Лучший подкаст года
⏺Лучший YouTube канал года
Оценку конкурсных работ осуществляет независимое жюри, в состав которого входят известные журналисты, заслуженные деятели отрасли и медиaэксперты.
По итогам конкурса победителям в каждой номинации вручаются памятная статуэтка «ҮРКЕР – 2025» и денежный приз в размере 1 000 000 тенге.
Национальная Премия «URKER» присуждается за лучшие достижения в области печатной, радио, интернет-журналистики.
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК