​ОТБАСЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

​ОТБАСЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр екінші жексенбісі ұлттық Отбасы күні болып белгіленді. Осы мерекеге орай, №8 Отбасылық кітапханада «Берекелі отбасы» атты отбасылық сайыс өтті.

Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы.

Отбасылар «Тегін білу тектілік», «Ертегілер еліне саяхат»,«Өнерлінің өрісі кең», «Маржан сөздер» және «Кім зерек?»атты кезеңдермен сайысқа түсті. Іс- шараға Әл-Фараби ауданы әкімдігінің бас инспекторыМадина Қалибекова, №13 жалпы орта мектебінң психолог маманы Құндыз Мөйітбекова, кәсіби бағдар педагогі Баян Усманова қатысты.

Әділ қазылар мүшелері шешімімен:

«Көрермен көзайымы» номинациясына Садықовтар отбасы,

«Үлгілі отбасы» номинациясына Шухратовтар отбасы,

«Өнегелі отбасы» номинациясына Сапарғали отбасы,

«Өнерлі отбасы» номинациясына Миноваровтар отбасы ие болды.

Іс-шара барысында № 13 мектептің оқушыларының орындауында «Әже», «Алғыс», «Мама, будь всегда со мною рядом» әндері шырқалды. «Адай» күйі және «Қалмажай» қазақ биі, «Адал қызлар» өзбек биімен өнерлерін көрсетті.

№8 Отбасылық кітапхана меңгерушісі П.А.Бейбітова