​Өмір сыйлаған бүйрек алмастыру отасы

​Өмір сыйлаған бүйрек алмастыру отасы

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында бүйрек алмастыру операциясы жасалған 23 жастағы жігіт қалыпты өмірге орала бастады.

Екі жылдан астам уақыт созылмалы терминалды бүйрек жеткіліксіздігімен күресіп, гемодиализге тәуелді болған науқас ауыр диагноздың салмағын көтеріп келген еді. Өмірі қыл үстінде тұрған жігітке 1988 жылғы әпкесі өз бүйрегін сыйлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, пациентке ағза алмастыру операциясын жасауға қарсы көрсеткіштер болған, тіпті жүрек соғысының төмендігінен қауп те жоғары еді. Дегенмен, трансплантологтардың жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында 3,5 сағатқа созылған ота сәтті аяқталды.

Операцияны бас дәрігер Қайрат Калибековтың басқаруымен қалалық №1 клиникалық аурухананың жоғары білікті дәрігерлер тобы жүргізді: Дәурен Қабылов, Сәбит Байтеміров, Рахымжан Умбетжанов, Тайбек Садықов және Ұлжан Мұқанова.

Құны шамамен 6,5 миллион теңгені құрайтын жоғары технологиялық медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылды.

Айта кету қажет, Шымкент қаласында жалпы 240 бүйрек алмастыру операциясы сәтті жүзеге асырылған.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент