Шымкент қаласында құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет ауруларына күрделі оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалады.
Қалалық №1 клиникалық ауруханасында пациенттерге шағын инвазиялық көмек пен ЛОР және бет-жақ аймақтарына хирургиялық қызмет түрлері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген операциялық блоктарда, тиісті санитарлық талаптарға сай жағдайда жасалады.
Мәселен, аталған аурухананың 20 орынға есептелген стационарлық ЛОР бөлімшесінде жыл басынан бері мыңнан астам операция жасалған. Күрделі ота түрлерін жасауға жоғары санатты оториноларинголог дәрігерлер жұмылдырылған.
МӘМС аясында көрсетілетін тегін медициналық көмекті алу үшін азамат сақтандырылған болуы тиіс. Сонымен қатар, тіркелген емханасынан тиісті бейінді маманнан жолдама алуы қажет. Пациент жоспарлы және шұғыл жағдайда да барлық диагностикалық және емдік көмекті қосымша төлемсіз ала алады.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша медициналық сақтандыру жүйесі есебінен биыл стационар жағдайында көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекті қаржыландыруға 33 миллиард теңгеден астам қаражат жоспарланған.
Айта кетейік, МӘМС жүйесі - медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды және әр азаматты жоғары шығындардан қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент