Сталкинг – бұл адамның обсессивті қудалауы: тұрақты қоңыраулар, хабарламалар, бақылау, үйдің немесе жұмыстың жанында пайда болу, тыныштық пен қауіпсіздікті бұзу.
2025 жылғы 16 шілдеден бастап мұндай әрекеттер ҚР ҚК-нің «Сталкинг» 115-1-бабына сәйкес келеді. Кінәлілер 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарымен 200 сағатқа дейін жазалануы немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Егер сталкинг зорлық-зомбылықпен, қауіп-қатермен немесе жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жүрсе, ҚК-нің басқа баптары бойынша неғұрлым қатаң жауапкершілік қолданылады.
Полиция еске салады: егер сіз сталкингтің құрбаны болсаңыз — дереу полицияға хабарласыңыз.
Шымкент қалалық полиция департаменті
Әл-фараби аудандық полиция басқармасының
баспасөз қызметі