ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында бүгін Шымкент қаласының аудан аумақтарында тазалық іс-шаралары өтті. Қаратау ауданы Нұрсәт шағынауданында да сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған тұрғындар, аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері қатысып, тазалыққа үлес қосты.

Көпшілік шағынауданның №1 үй ауласы аумағын ретке келтіріп, қоқыстарды жинау, қураған ағаштар мен шөптерді тазалап, жалпы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Қаратау аудандық коммуналдық мекемесінен 50 жұмысшы қатысып, жалпы 2 техника жұмылдырылды.

Іс-шарада партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов сананы сергітетін, азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығын оятатын сенбіліктің маңызы зор екенін атап өтті. Ол қала тұрғындарын, экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Тазалық іс-шаралары одан әрі де жалғасын таба бермек.

«Шымкент келбеті»