Бүгінгі таңда әлемдік және жергілікті деңгейдегі экономикалық, әлеуметтік өзгерістер аясында азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзектілікке ие. Осы ретте өмірді сақтандыру – ұзақ мерзімді қаржылық қорғау мен сенімділікті қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде алға шығады. Қазақстан нарығында бұл қызметті ұсынуда көш бастап тұрған компаниялардың бірі – «Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы.
«Халық-Life» – 2005 жылы құрылған, «Halyk» қаржы тобының құрамына кіретін, өмірді сақтандыру саласындағы жетекші компания. Компания Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы негізінде жұмыс істейді және барлық заңнамалық талаптарға сай қызмет көрсетеді.
Қазірде өмірдің тұрақсыздығы мен күтпеген жағдайлар көбейген заманда өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Осы тұрғыда өмірді сақтандыру қаржылық тұрақтылық пен болашаққа сенімді кепіл бола алады. Қазақстандағы жетекші өмірді сақтандыру компанияларының бірі – «Халық-Life», дәл осы миссияны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. «Bilim-Life», «Зейнетақы аннуитеті», «Halyk-Казына», «Болашақ», «Бәйтерек» сақтандыру бағдарламалары бар.
«Halyk life» АҚ сату бөлімінің бас менеджері Ақбота Алжанова компания көрсететін негізгі қызмет түрлеріне тоқталды. Олар:
- өмірді жинақтаушы сақтандыру;
- инвестициялық сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру (зейнетақы аннуитеті);
- қайтыс болу жағдайына сақтандыру;
- денсаулық пен еңбекке жарамдылықты жоғалту жағдайларына сақтандыру.
Неліктен өмірді сақтандыру маңызды?
–Өмірді сақтандыру – бұл тек өз өміріңізге қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар отбасыңыздың қаржылық тұрақтылығына салынған инвестиция.
Мұндай сақтандыру арқылы келесі жағдайларға дайын болуға болады:
- күтпеген ауру немесе жарақат;
- еңбекке жарамсыздық;
- несиені жабу қиындықтары;
- отбасы мүшелерінің болашағына қауіп төнуі (балалар оқуы,
ипотека, т.б.), - деп түсіндіреді «Halyk life» АҚ сату бөлімінің бас менеджері Ақбота Алжанова.
«Халық-Life» өнімдерінің артықшылықтары
Ақбота Алжанованың айтуынша, «Халық-Life» өнімдерінің артықшылықтары көп.
Жинақтау мүмкіндігі – сақтандыру мерзімі аяқталған соң клиент сақтандыру сомасын толық немесе үстемемен қайтарып алады.
Салықтық жеңілдіктер – Қазақстан заңнамасына сәйкес, кейбір сақтандыру өнімдері салықтық жеңілдіктер береді.
Қаржылық қорғаныс – күтпеген жағдай орын алғанда, сақтандыру компаниясы төлем жасап, отбасыңызды қиындықтан қорғайды.
Инвестициялық табыс – инвестициялық сақтандыру арқылы клиент қаржы құралдарына инвестиция жасап, табыс таба алады.
Цифрлық қызметтер – сақтандыруды онлайн рәсімдеу, жеке кабинет арқылы бақылау, мобильді қосымша.
Кімдерге арналған?
Отбасылы азаматтарға – отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
Жеке кәсіпкерлерге – табысы өзгермелі азаматтарға қаржылық тұрақтылық қажет;
Ипотека алған клиенттерге – несиені жабу кепілдігі ретінде;
Зейнетке дайындалатын азаматтарға – болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін.
Өмірді сақтандыру – бұл тек қауіпсіздік емес, сонымен қатар болашаққа деген сенімді қадам. «Халық-Life» арқылы сіз өз өміріңізге, жақындарыңыздың болашағына жауапкершілікпен қарай аласыз. Компанияның сенімділігі, кәсіби қызмет көрсетуі мен өнімдерінің әртараптылығы – оны нарықта көшбасшылар қатарына қосады.
Сақтандыру – отбасының болашағын қалай қорғады?
Өмірдегі күтпеген жағдайлар – ауыр сырқат, жазатайым оқиғалар немесе табыстың кенеттен тоқтауы – отбасының әл-ауқатына үлкен соққы болып тиюі мүмкін. Мұндайда өмірді сақтандыру – қауіп-қатерге қарсы қаржылық қалқан бола алады.
Шымкент қаласының тұрғыны, 42 жастағы жеке кәсіпкер Ерлан Сағадатов 2020 жылы «Халық-Life» компаниясынан жинақтаушы өмірді сақтандыру полисін рәсімдеген. Ол ай сайын 40 000 теңгеден сақтандыру жарнасын төлеп отырды. Мақсаты – 10 жыл ішінде белгілі бір соманы жинап, оны балалардың білім алуына жұмсау еді.
Алайда, 2023 жылдың соңында Ерлан көлік апатына ұшырап, еңбекке уақытша жарамсыз болып қалды. Осы жағдай бойынша «Халық-Life» сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырып, Ерланның отбасына 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төледі. Бұл қаражат оның емделуіне, отбасының күнделікті шығындарына және уақытша табыстың тоқтауын жабуға сеп болды.
Қазір Ерлан қайта қатарға қосылып, сақтандыру шартын әрі қарай жалғастыруда. Бұл мысалдан өмірді сақтандырудың тек болашаққа ақша жинау емес, сонымен қатар күтпеген жағдайларда нақты көмек беретін механизм екенін көруге болады.
Өмірді сақтандыру – балалардың болашағын қорғады
Айгүл Мелдебаева – Шымкент қаласының тұрғыны, 35 жаста, екі баланың анасы. Ол 2021 жылы «Халық-Life» компаниясынан балаларға арналған өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасына қосылды. Оның мақсаты – үлкен ұлының жоғары оқу орнына түсуіне қажетті қаржыны алдын ала жинақтау еді. Айгүл ай сайын 30 000 теңгеден жарна төлеп отырды.
2024 жылдың басында Айгүлде онкологиялық ауру анықталып, ол ем алу үшін жұмысынан уақытша кетуге мәжбүр болды. Жұмыссыздық табысына әсер етті. Бірақ ол «Халық-Life» компаниясымен жасаған келісімшарт бойынша ауыр дертке шалдыққан жағдайда төлем алу мүмкіндігін пайдаланды.
Нәтижесінде, сақтандыру компаниясы Айгүлге 4,5 миллион теңге көлемінде сақтандыру өтемақысын төледі. Бұл қаражат оның емделу шығындарын жабуға және балаларының күнделікті қажеттіліктеріне жұмсалды. Ең бастысы – оқуына деп жинап жүрген қаржысы сақталып қалды.
Қазір Айгүлдің денсаулығы жақсаруда, ал оның ұлы алдағы жылы университетке құжат тапсырады. Сақтандыру арқылы Айгүл өзінің басты мақсатына – баласының болашағын қорғауға қол жеткізді.
Бұл мысал өмірді сақтандырудың тек бір адамға емес, отбасы мүшелеріне тікелей әсер ететін нақты қаржылық қолдау екенін көрсетеді. Мұндай сақтандыру түрлері тек қайғылы жағдайлар үшін емес, өмір сапасын сақтау, табысты алмастыру және болашақты жоспарлау үшін де маңызды құрал бола алады.
Ипотекалық несие мен өмірді сақтандыру – отбасының үйін сақтап қалды
Бекзат Тауасаров Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғыны. 2022 жылы «Халық банк» арқылы 15 жылға ипотекалық несие алып, отбасына жаңа пәтер сатып алды. Ипотека рәсімдеген кезде банк өмірді сақтандыруды талап етті және ол «Халық-Life» компаниясымен шартқа отырды.
2024 жылдың соңында Бекзат кенеттен инфаркттан көз жұмды. Бұл отбасы үшін ауыр қайғы болды, әрі ипотекалық несиенің әлі 13 жылы қалған еді. Бірақ, өмірді сақтандыру полисі бойынша сақтандыру компаниясы банк алдындағы қалған ипотекалық қарызды толықтай жауып берді.
Нәтижесінде, Бекзаттың жары мен екі баласы пәтерде тұруды жалғастырып, несиеден босатылды. Бұл өмірді сақтандырудың отбасы мүлкін жоғалтудан қалай қорғай алатынына айқын мысал.
Жеке зейнетақы аннуитеті – ерте зейнетке шығу мүмкіндігі
Сауле Жағыпарова 50 жастағы мұғалім, зейнет жасына дейін ұзақ күтпей-ақ, ерте зейнетке шығуды жоспарлады. Ол 2023 жылы өзінің жинақталған зейнетақы қорынан бір бөлігін зейнетақы аннуитеті шарты арқылы «Халық-Life» компаниясына аударды.
Осы шарттың арқасында Сауле 55 жасынан бастап тұрақты зейнетақы төлемдерін ала бастайды. Бұл – зейнетақы аннуитеті келісімшартының басты артықшылығы сонда, заң бойынша әйелдер 55 жастан, ерлер 60 жастан бастап жеке зейнетақы компаниясынан өмір бойы төлемдер ала алады.
Сәуле енді мемлекеттік зейнетақыны күтпей-ақ, зейнет жасын өзі белгілеп, еркін әрі қаржылық тәуелсіз өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.
Бұл екі мысал өмірді сақтандырудың ипотекалық несиені қорғауда қалай көмектесетінін, ал зейнетақы аннуитетінің болашақты жоспарлаудағы маңызын көрсетеді.
«Халық-Life» ұсынатын сақтандыру құралдары – тек қауіптен қорғану емес, сонымен қатар қаржылық еркіндікке апаратын жол.
Қаржылық сауаттылық – болашаққа кепіл
Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейі артып келе жатқаны қуантады. Азаматтар енді тек бүгінгі күнмен емес, болашақты жоспарлау, балалардың білімін, зейнетақыны, күтпеген жағдайларды ескеріп, сақтандыру арқылы ұзақ мерзімді қорғаныс орнатуға бет бұруда.
«Халық-Life» компаниясы өзінің клиенттеріне ыңғайлы онлайн-сақтандыру жүйесін, жеке кеңес беру қызметін және түрлі өмірлік жағдайларға сай икемделетін сақтандыру өнімдерін ұсынады.
Өмір – құнды, ал оның болашағы – жоспарлауды қажет етеді. Өмірді сақтандыру – бұл тек тәуекелден қорғану ғана емес, бұл – жауапкершілік пен қамқорлықтың көрінісі.
«Халық-Life» компаниясы сіздің болашағыңыздың сенімді серіктесі бола алады. Бүгін шешім қабылдап, ертеңгі күнді қорғаңыз!
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ,
Шымкент қаласы