Бүгін Шымкент қаласының аудан аумақтарында “Таза Қазақстан” акциясы аясында тазалық іс-шаралары өтті. Аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері, тұрғындар көше, өзен бойларын ретке келтіріп, тазалыққа үлес қосты.
Атап айтқанда, Тұран ауданында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Бадам өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Тұран ауданы әкімдігі және “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС қызметкерлері қатысты. Сенбілік жұмыстарына жалпы 4 техника, 40-қа жуық адам жұмылдырылды.
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасын табуда.
«Шымкент келбеті»